Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ТМД кеңістігіндегі барынша табысты интеграциялық бірлестік болып табылады - Елбасы

None
nbsp;АСТАНА. Шілденің 5-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай / - Еуразиялық экономикалық қоғамдастық ТМД кеңістігіндегі барынша табысты интеграциялық бірлестік болып табылады. Бүгін Ақордада өтіп жатқан ЕурАзЭҚ мемлекетаралық кеңесінің 27 мәжілісінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты.

«Осы жылдар ішінде қол жеткізілген табыстарды зор қанағатпен атап өткім келеді. Қоғамдастық келешекте де халықаралық ынтымақтастық және экономикалық ынтымақтастық саласындағы ең жоғарғы стандарттарға сәйкес болады деп ойлаймын», деді Н. Назарбаев.

Мемлекет басшысы, құрылған 10 жылдың ішінде ЕурАзЭҚ толыққанды интеграциялық бірлестікке айналғанын атап көрсетті. Бүгінде ЕурАзЭҚ біздің мемлекеттердің экономикадағы, ғылымдағы, білімдегі, мәдениеттегі, әлеуметтік саладағы, қызметтің басқа да салаларындағы біздердің мемлекеттің интеграциясын тереңдету үшін нақты алаң болып табылады. Осы жұмыс жылдары ішінде ЕурАзЭҚ аясында ынтымақтастықтың ауқымды нормативтік құқықтық базасы қалыптасты. Жалпы құрылымда, ТМД кеңістігіндегі сауда-экономикалық қатынаста қоғамдастықтың мән-маңызы арта түсті», деді Н. Назарбаев.

Елбасының айтуынша, ЕурАзЭҚ аясында қабылданған іс-қимылдары әлемдік дағдарыстың негізгі фазасын қандайда бір дәрежеде сәтті өткеруге көмектесті.