Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың дағдарысқа қарсы қоры өз жұмысын бастады

АЛМАТЫ. Қаңтардың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/- Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕАРАзЭҚ) аясында құрылған дағдарысқа қарсы қор жұмысын бастады. Бұл туралы бүгін Алматыда БАҚ өкілдерімен кездескен Еуразиялық даму банкінің басқарма мүшесі Владимир Ясинский айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қаңтардың 21-і күні Дағдарысқа қарсы қордың екінші отырысы өтті. Онда Қор тарапынан қаржылық зеамдарды беру тәртібі бекітілді. Еуразиялық даму банкі Қордың жетекшісі ретінде мәселені жүзеге асырумен айналысатын болады», деді Владимир Ясинский.

Оның айтуынша, қордың құрылтайшылық құжаттарында қордың қаржысы несие түрінде тұрақтандырушы және тәуелсіз заемдар ретінде және мемлекетаралық инвестициялық жобаларды қаржыландыру жолымен беріледі.Ал оның берілу тәртібі ақпан айындағы Қор басқармасының кезекті отырысында айқындалады.

«Жалпы алғанда жұмыс үрдісі басталды. Біз биылғы жылы Қор тарапынан бірнеше жоба қаржыландыралады деп үміттенеміз», деді В.Ясинский.