Еуразиялық экономикалық одаққа қатысты келісім ратификацияланды
18:55, 11 Ақпан 2019
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың үшінші мемлекеттермен, халықаралық ұйымдармен немесе халықаралық интеграциялық бірлестіктермен халықаралық шарттары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорда.
Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.