Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды таңбалау туралы келісім ратификацияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақта тауарларды сәйкестендіру құралдарымен таңбалау туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.