19:42, 21 Сәуір 2009
Еуразиялық идея және оның үлгілерін қалыптастыру жөнінде жиын болады
АСТАНА. Сәуірдің 21-і. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Ертең Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазіргі заманғы өркениеттің тұрақты даму аспектісінде этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісімді қалыптастыру» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Басқосуға өз елімізбен қатар, Ресейдің, Беларус Республикасының өкілдері, ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, мемлекеттік қызметкерлер, студенттер, сондай-ақ әлеуметтанушылар қатысады.
Мұнда жаһандану кезеңінде өркениеттің тұрақты даму аспектісінде этносаралық және конфессияаралық бейбітшілік пен келісім мәдениетін қалыптастыру үдерісіндегі білім мен ғылымының рөлі сөз болады. Кәзіргі өркениет контексіндегі еуразиялық идея және қазіргі қоғамның этносаралық және конфессияаралық үлгісі жайлы айтылады.