деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Пікірсайыстың модераторы - «Рейтер» және Томсон Рейтер телеарнасының Еуропа елдері бойынша бизнесті дамыту жөніндегі менеджері Тим Арлот (Ұлыбритания). Оған Дүниежүзілік имидж кеңесшілері қауымдастығының негізін қалаушы әрі президенті Сэнди Дюмон (АҚШ), «New statesman» журналының Париждегі тілшісі Дэвид Лоджей (Франция) мен «Культура» телеарнасының жүргізушісі Александр Архангельский (Ресей), саясаттанушы ғалым Людмила Адилова, Халықаралық журналистер одақтары конфедерациясының Бас хатшысы Ашот Джазоян (Ресей) қатысуда. Әңгіме ауаны онда - ғаламдық саясаткерлердің әдейі көрсетілген жеке өмірі неліктен БАҚ мен қоғам үшін «көңіл көтеру» құралына айналып барады? Саяси лидерлердің жүріс-тұрысындағы мұндай стереотип кейбір тосын оқиғаларды үйреншікті құбылысқа айналдырмай ма? Саяси көшбасшылардың жеке өмірі жария деген ұғым туралы әлі ерте емес пе деген сияқты жәйттерге аударылған.