Күндізгі сессия қорытындысы бойынша 30 фьючерстік келісімшарт жасалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ЕСЖ» баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл келісімдердің 8-і 3-ші сыныпты, 22 келісім 4-ші сыныпты астық бойынша. Желтоқсан айы бойынша фьючерстердің орташа бағасы 3 сыныпты астық бойынша 14 500 теңгені құрап, сессияның жабылуы кезінде өзгеріссіз қалды. Ал 4 сыныпты астық бойынша тоннасына 12 700 теңгені құрап, сессияның жабылуы кезінде 12 100 теңгені құрады.
Ал қаңтар айына фьючерс бағасы 4 сыныпты астықтың тоннасы үшін 12 200 теңгені құрап, сессияның жабылуы кезінде 12 100 теңге болды. 4 сыныпты астық бойынша тоннасына 12 100 теңгені құрап, сессияның жабылуы кезінде 12 100 теңгені құрады. Күндізгі сессияның жалпы қаржы айналымы 24 миллион 102 мың теңгені құрады. Сауда барысы көрсеткендей, астық бағасының құлдырауы байқалады. «ЕСЖ» сарапшыларының пікірінше, астық бағасының төмендеуі теңгенің долларға шаққандағы бағамының нығаюымен байланысты.