«Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында фьючерстік келісімшарттардың кезекті саудасы жасалды

None
АЛМАТЫ. Желтоқсанның 22-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Еуразиялық сауда жүйесі» тауар биржасында желтоқсанның 20-сындағы күндізгі сессияның қорытындысы бойынша 3-4 сұрыптағы астықты жеткізу бойынша 36 фьючерстік келісімшарттары жасалды,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның 12-сі қаңтарда, 12-сі ақпанда, 12-сі наурызда орындалмақ. Фьючерстік баға    3-ші сұрыпты астықтың әр тоннасына алғашқысында 14 мың 100 теңге мен 14 мың 200 теңге аралығында болды.  Екіншісінде,   12 мың 800 теңге мен 12 мың 900 теңге аралығында тіркелген еді.  Наурыздық фьючерс те осы бағамда сақталып қалды. Жалпы биржадағы бұл    күндізгі сессияның айналымы жедел нарық секциясында 31 миллион 200 мың теңгені құрап отыр.