Оған әлемнің 60-тан астам елінен 800-ден артық еріктілер қатысты. Стадионға тек 50 мыңға жуық адам сыйды. Рәсімді тікелей эфир арқылы бүкіл әлем бойынша 150 миллионға жуық көрермен тамашалады.
Шоуда жергілікті дәстүрлер мен инновациялық технологияларға ерекше назар аударыла отырып, спорт пен мәдениетті біріктіруге талпыныс жасалды. Венгриялық пианист Адам Дьордь Шопеннің ля минор этюдын орындады. Музыкант сондай-ақ футбол добымен жасай алатын машықтарын көрсетіп өтті.
Бұдан кейін Польша мен Грекия құрамалары арасында бірінші матч өтті, олар «А» тобының бірінші турында есепті 1:1-мен аяқтады.
Ойынның бірінші голының авторы - 17-нші минутта есепті ашқан Польша құрамасының шабуылшысы Роберт Левандовский болды. Ал ойын алаңынан бірінші болып грекиялық Сократис Папастополус шығарылды, оған бас төреші екінші ескерту үшін 44-інші минутта қызыл карточканы көрсетті.
51-інші минутта грекиялық ойыншы Димитриос Салпингидис есепті теңестірді. 71-інші минутта Польшаның қақпашысы Войцех Щесный өзінің айыппұлдық алаңында ережені бұзғаны үшін ойыннан шеттетілген соң, грек ойыншылары алға шықты. Бірақ Георгиос Карагунис допты 11 метрден қақпаға енгізе алмады - Войцех Щесныйдың орнына шыққан қақпашы Пжемыслав Тытонь оған төтеп бере алды.
Екінші ойын Вроцлавтағы стадионында Ресей және Чехия құрамаларының арасында өтті. Бұл ойынның нәтижесінде ресейлік команда 4:1 есебімен жеңіске жетті.
Бірінші таймда ресейліктер чехиялық құраманың қақпасына екі гол кіргізді. 15-інші минутта есепті допты торға ұрып, штангадан секіріп кеткен Алан Дзагоев ашты. Ойынның 24-інші минутында кездесудегі екінші голды Роман Широков кіргізді.
Екінші таймдағы 52-нші минутта ойыншы Вацлав Пиларж есеп арасындағы алшақтықты қысқартты. Алайда 82-нші минутта ресейліктер Роман Павлюченконың олардың қақпасына төртінші голды кіргізген соң Чехия құрамасына жеңіске жетуге ешқандай мүмкіндік қалмады.
Бүгін «В» тобының бірінші турының ойындары өтеді. Харьков қаласында Голландия және Дания құрамалары кездеседі. Чемпионат Львовтағы ойынмен жалғасады, онда Германия және Португалия құрамалары кездеспек.
ҚазАқпарат өзінің оқырмандарын «Еуро-2012» бойынша Еуропа чемпионатының күнделікті қорытындылары туралы ақпараттандыруды жалғастырады.