Вроцлавта алаңға бірінші болып Грекия мен Чехия командалары шықты. Ресей құрамасының бәсекелестері - бірінші ойындарда ұпайларын жоғалтқан Чехтар, жеңіске жету қажеттігін жіті түсінді.
Үшінші және алтыншы минуттар олар үшін сәтті болды - Петр Йирачек пен Вацлав Пиларждың голдарының арқасында олар алға шықты.
Екінші таймда күштерін қолдарына жинаған Грекия бір голмен ғана жауап бере алды. Петр Чехтың қақпасына голды 53-інші минутта Теофанис Гекас салды. Осылайша, бірінші матчты соңы Чехтардың пайдасына 2:1 болып аяқталды.
«А» тобындағы күштердің орналасуы Ресей-Польша матчынан кейін белгілі болады.