«Еуро-2012» финалына барлық билеттер сатылып кетті, құны шамамен 330 еуро
11:44, 01 Шілде 2012
АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - Бүгін Киевте өтетін «Еуро-2012» финалына арналған билеттердің барлығы да 30 маусым күні-ақ сатылып кетті.
«Советский спорт» басылымның хабарлауынша, «Олимпийский» стадионының билет сататып орталықтарының есігінде трибунада орын қалмағандығы жайында хабарландыру ілінген. Ендігі уақытта футбол жанкүйлерлері билеттерді алыпсатарлардың қолынан ғана сатып ала алады.
Финалдың соңғы билеттер 3,3 гривеннен (шамамен 330 еуро) сатылды.
Бүгін «Еуро-2012» финалынла Испания мен Италия құрамалары кездеседі. Ойын Астана уақыты бойынша 00:45-те басталады.