Ойын Тулуз қаласындағы "Стадиум де Тулуз" стадионында өтті.
Кездесудің 9-шы минутында Тоби Алдервейрелд есеп ашты.
Екінші таймның 76-шы минутында ЭденаАзардан тамаша пас алған Миши Батшуайи есепті еселеді - 2:0.
Сәлден кейін Азар өзі де үшінші голдың авторы атанды.
90-шы минутта Янник Ферейра Карраско жауапсыз 4-ші голды салды.
Бұған дейін плей-офф кезеңіне Португалия, Уэльс, Польша, Франция және Германия құрамалары жолдама алған еді.