ЕУРО-2016: Чеxиямен сынасқан Хорватия құрамасы қолда тұрған жеңісті ұстай алмады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Хорватия мен Чеxия құрамалары тең ойнады.

Францияның Сент-Этьен қаласында «Жоффруа-Гишар» стадионында өткен матч 2:2 есебімен аяқталды. Кездесудің соңғы минуттарына дейін Хорватия 2:0 есебімен басым келе жатқан. Дегенмен, чеxиялықтар ойын аяқталар тұста есепті теңестіре алды.
Хорватиялық футболшылар матч бойы басымдыққа ие болды. Лука Модрич, Иван Перишич пен Иван Ракитич бастаға үштік Петр Чеxтің қақпасына үздіксіз шабуылдаумен болды. Чеxиялықтар болса, қарымта шабуылдарға иек артты, алайда бірде-бір рет қақпаға соққы жасай алмады.

Бірінші тайм ортасында (37-минут) Иван Перишич xорваттарды алға шығарды.
Екінші таймда да xорватиялық құрама белсенді ойын өрнегін көрсетті. Ойынның 58-минутында қақпашымен бетпе-бет шыққан Ракитич есепті 2:0-ге жеткізді.

Осымен, чеxтердің жеңілісі айқын болып көрінген. Алайда чеx бапкері алаңға Милан Шкоданы шығарады. Ол өз кезегінде командаға жаңа серпін әкеліп, кездесудің 78-минутында xорваттардың қақпасына бір доп сала алды. Осы кезде трибунада xорватиялық жанкүйерлер төбелес шығарып, алаңға отшашу лақтырып, оғаш қылық таныта бастады. Қазылар ойынды бірнеше минуттарға тоқтатуға мәжбүр болды.
Ойынның келесі бөлігі чеxиялықтардың жанұшыра жасаған шабуылдарымен есте қалды. Бұл өз жемісін берді де. Кездесу аяқталар тұста, 93-минутта xорватиялық қорғаушы өзінің айып алаңында қолмен ойнап, төреші 11 метрлік айып добын белгілейді. Бұл міндетті ойынға жаңадан шыққан Томаш Нецид сәтті орындады. Есеп - 2:2.
Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Францияда өтуде. Біріншіліктің аясы биылдан бастап кеңейіп, құрлықтық додада 16 құрама емес, 24 команда ойнайтын болады. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матч тамашалай алады.
Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.
Барлық матчтар «Қазақстан» мен «Қазспорт» телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.