Ойынның алғашқы минуттарында-ақ алаң иелері шабуылды үдетті. Алайда, Дидье Дешам шәкірттері ойынның 90 минутына дейін гол соға алмады. Тек, ойын бітерге жақындағанда ғана алаңға жаңадан шыққан Антуан Гризманн Адил Рамидің пасын сәтті пайдаланып, қарсыластың қақпасына баспен гол салды.
Осы гол француздарға қанат бітіріп, ойынның 96 минутында Димитрий Пайе 2-ші голдың авторы атанды. Ол матчтың үздік ойыншысы атанды.
04:01, 16 Маусым 2016
ЕУРО-2016: Франция құрамасы Албанияны тізе бүктірді
ПАРИЖ. ҚазАқпарат -Футболдан Еуропа чемпионатының топтық кезеңінде Франция - Албания командалары арасындағы ойын француздардың жеңісімен аяқталды. Бүгін Марсельдегі «Велодром» стадионында өткен матч 2:0 есебімен аяқталды.