ЕУРО-2016: Гарет Бейл бастаған Уэльс құрлықтық доданы жеңіспен бастады
Құрлықтық біріншілікке алғаш матчтарын өткізген құрамалар тартысты кездесуде 2:1 есебімен тарқасты.
Ойында алғашқы голды кездесудің 10-минутында уэлсьтік футболшы Гарет Бейл салды. Дегенмен екінші таймда словакиялық Андрей Дуда есепті теңестіре алды. Ал ойынның 81-минутында Робсон-Кану Уэльс құрамасына жеңіс голын сыйлады.
Айта кетейік, футболдан Еуропа чемпионаты Францияда өтуде. Біріншіліктің аясы биылдан бастап кеңейіп, құрлықтық додада 16 құрама емес, 24 команда ойнайтын болады. Футболсүйер қауым «кәрі құрлықтың» ең мықты құрамаларының қатысуымен 51 матч тамашалай алады.
Еуропа біріншілігі Францияның он қаласында 10 маусым мен 10 шілде күндері аралығында өтеді.
Барлық матчтар «Қазақстан» мен "Қазспорт" телеарналарында тікелей эфирде көрсетіледі.