Кездесу 18 маусым күні Марсельде, "Велодром" стадионында өтті.
Есеп ойынның 38-інші минутында ашылды. Бұрыштама добы ойынға қосылғаннан кейін ресейлік орбитр Сергей Карасев ойын ережесі бұзылғанын байқап қалып, 11 метрлік айып добын белгілеген еді. Исландықтардың капитаны Гилфи Сигурдссон бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, ала допты қақпада тулатты. Есеп бірінші таймның соңына дейін өзгерген жоқ.
Екінші кезеңнің соңына дейін Венгрия құрамасы есе қайтара алмай, әбігерге түсті. Алайда, ойынның 87 минутында венгриялық ойыншы Неманьи Николича тепкен допты исландиялық қорғаушы Биркир Сэварссон өз қақпасына тоғытып, таразы басын теңестіріп берді.
Осылайша F тобында 4 ұпаймен Венгрия құрамасы топ бастап тұр. Исландықтар да 4 ұпай еншілеген, бірақ олар үшінші орында тұр.
Осыған дейін Бельгия құрамасы Ирландия құрамасын ойсырата жеңгенін хабарлаған болатынбыз.
Айта кетейік, ойын күнінің соңғы кездесуі - «Португалия-Австрия» матчы Астана уақытымен 01:00-де басталады. Оны «Қазақстан» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.