Ойын Марсельдегі "Велодром" стадионында өтті.
Екінші минутта польшалық ойыншы Роберт Левандовски есеп ашса, 33 минутта Португалия құрамасындағы ең жас ойыншы, 18 жастағы Ренату Саншеш таразы басын теңестірді. Ойынның негізгі уақытында есеп 1:1 болып, кездесу тең аяқталды.
Экстра таймда да қос команда бір-бірінің осал тұсын таба алмады.
Пенальти кезеңінде польшалық Якуб Блащиковскидің добын қақпашы қайтарып, Португалия 5:4 есебімен келесі кезеңге өтті.