Еуро-2016 ресми добы 12 қарашада Парижде таныстырылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуро-2016 ресми добының таныстырылымы 12 қарашада Парижде Adidas компаниясының арнайы шарасында өтеді. «Газеты.Ru» дереккөзінің ақпараты бойынша, допты бұрынғы танымал футболшы таныстырады.

Сондай-ақ шарада Ресей құрамасының және басқа да жетекші еуропалық ұлттық командалардың: Германияның, Испанияның, Бельгияның, Швецияның және Данияның қонақтарының киімдері жиынтығын таныстыру өтпек.