ЕУРО-2016: Уэльс құрамасы Солтүстік Ирландия командасын жеңіп, ширек финалға шықты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Уэльс құрамасы Еуропа чемпионатының 1/8 финалдық кезеңінде Солтүстік Ирландия командасын жеңіп, ширек финалға шықты.

Ойын 25 маусым күні «Парк де Пренс» стадионында өтті, есеп - 0:1. Ойындағы жалғыз допты 75-минутта Гарет Макаули өз қақпасына салып алды. Олар ширек финалда «Венгрия - Бельгия» матчының жеңімпазымен кездеседі.

Бұған дейін Польша құрамасы ширек финалға шыққан еді. Олар пенальтиден Швейцария құрамасын 5:4 есебімен сан соқтырған болатын.