Ойын 25 маусым күні «Парк де Пренс» стадионында өтті, есеп - 0:1. Ойындағы жалғыз допты 75-минутта Гарет Макаули өз қақпасына салып алды. Олар ширек финалда «Венгрия - Бельгия» матчының жеңімпазымен кездеседі.
Бұған дейін Польша құрамасы ширек финалға шыққан еді. Олар пенальтиден Швейцария құрамасын 5:4 есебімен сан соқтырған болатын.