АСТАНА. ҚазАқпарат - Англия құрамасы мен «Манчестер Сити» клубының қақпашысы Карен Бардсли Францияға қарсы матчта 14 минут бойы сынған аяғымен ойнады.
32 жастағы Карен Бардсли әйелдер арасындағы Еуро-2017-нің Францияға қарсы ширек финалының екінші кезеңінде аяғын жарақаттап алған болатын. Алайда, спортшы аяғының сынғанына қарамастан 14 минут бойы ойын алаңынан табылды.
Өкінішке орай, ол Еуро-2017-нің соңына дейін алаңға шыға алмайды.
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.