Еске сала кетсек, бұл - қарсыластардың ресми төртінші кездесуі. ӘЧ-2012 кезеңінде ресейліктер - 4:0, ЕЧ-2014 іріктеу жарысында - 5:1, ал Еуро-2016 матчында 2:1 есебімен ұтқан болатын.
Топта бірінші орынды еншілеген қазақстандықтар Еуропа чемпионатында жаңа биікке көтерілді. Еуро-2016-да біздің команда ЕЧ-да медальға ие болған алғашқы дебютант атанған еді.
Еуропа чемионатындағы ширек финалдық ойында Қазақстан құрамасының қарсыласы «А» тобындағы Италия - Словения матчының нәтижесінен кейін белгілі болмақ.
Қазақстан - Ресей 1:1 (0:1)
Голдар: 0:1 Лима (2), Дуглас Жуниор (24)
Қазақстан: Игита (қақпашы), Довгань, Есенаманов, Дуглас Жуниор, Нұрғожин, Тайнан, Жаманқұлов, Сүлейменов (К), Першин, Таку, Тұрсағұлов Ақбалықов, Оразов
Ресей: Путилов (қақпашы), Милованов, Эдер Лима, Робиньо, Давыдов, Лысков, Ромуло, Абрамов (К), Ниязов, Абрамович, Афанасьев, Чишкала, Эскердинья
Төрешілер: Ковач (Венгрия), Фаркаш (Венгрия), Томич (Хорватия)
3 ақпан. Любляна. «Стожице аренасы».