Біздің команда поляктарды ойсырата ұтып, ресейліктермен тең нәтиже көрсетіп, «B» тобында бірінші орын алды. Өз кезегінде, Сербия құрамасы «A» тобында екінші болып тұр. Сербиялықтар Еуро-2018-дің алғашқы матчында словениялықтарға (0:2) есе жіберіп, кейін екі рет гол салды - 2:2
Сербия құрамасы Еуропа чемпионатына алтыншы рет қатысып жатыр. Олар Белградта өткен былтырғы Еуропа чемпионатында үздік нәтижеге қолжеткізіп, 4-ші орын алған еді. Сол кездесуде олар үшінші орынға қазақстандықтармен таласып, жеңіліп қалған (2:5) болатын.
Қазақстан-Сербия матчы Астана уақытымен 23:00-де басталады.