Испания құрамасы Украина командасын 1:0 есебімен жеңді. Осылайша, ½ финалда испандықтардың қарсыласы Қазақстан құрамасы болады. ҚР футзалшылары ширек финалда сербиялықтарды 3:1 есебімен жеңген еді.
Испания - Еуропаның қазіргі чемпионы. 2016 жылы Хосе Венансио Лопес жаттықтыратын команда Қазақстанмен екі рет кездескен болатын. Құрлық чемпионатының жартылай финалында олар - 5:3, әлем чемпионатының 1/8 финалында 5:2 есебімен жеңіске жеткен еді.
Еске салайық, футзалдан Қазақстан құрамасы Сербияны 3:1 есебімен тізе бүктіріп, 2018 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан болатын. Сондай-ақ үздік төрттіктің қатарында турнир иелері - Словенияны 2:0 есебімен жеңген Ресей командасы бар.
Қазақстан - Испания және Ресей - Португалия арасындағы жартылай финал 8 ақпан күні «Арена Стожицеда» өтеді.