АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан жастар құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңінде 1:4 есебімен Франция командасына жол берді, деп хабарлайды Sports.kz.
Дегенмен, Владимир Никитенконың қамқорлығындағы спортшылар төрт ұпаймен 9 топтың бірінші орнында қала береді. Қазақстандықтардың келесі матчы 6 қазан күні Болгарияда өтеді.
9 тобының турнирлік кестесі:
1. Қазақстан - 4 ұпай (3 ойын)
2. Словения - 3 (1)
3. Франция - 3 (1)
4. Люксембург - 3 (3)
5. Черногория - 1 (1)
6. Болгария - 0 (1).
Еркежан Смағұлова
2008 жылы Ш. Құдайбердіұлы атындағы СМУ-дың журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолын облыстық «Семей таңы» газетінен бастаған. 2018 жылдан бастап Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінде аудармашы.