Еуро-2020 іріктеу турнирі: Қазақстандықтардың қарсыластары бүгін белгілі болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Ирландия астанасы Дублин қаласында 2020 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турниріне жеребе тарту рәсімі өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасы бесінші себетке орналасқан.

Жалпы, 6 себетке құрамалар былай жіктелген:

1-себет: Швейцария, Португалия, Нидерланды, Англия (Ұлттар лигасы турнирінің А лигасының жеңімпаздары), Бельгия, Франция, Испания, Италия, Хорватия, Польша.

2-себет: Германия, Исландия, Босния және Герцеговина, Украина, Дания, Швеция, Ресей, Австрия, Уэльс, Чехия.

3-себет: Словакия, Түркия, Ирландия, Солтүстік Ирландия, Шотландия, Норвегия, Сербия, Финляндия, Болгария, Израиль.

4-себет: Венгрия, Румыния, Греция, Албания, Черногория, Мысыр, Эстония, Словения, Литва, Грузия.

5-себет: Македония, Косово, Беларусь, Люксембург, Армения, Әзербайжан, Қазақстан, Молдова, Гибралтар, Фарерск аралдары.

6-себет: Латвия, Лихтенштейн, Андорра, Мальта, Сан-Марино.

Еске сала кетейік, 2018 жылғы Әлем чемпионатына іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы Е тобында соңғы орында қалған болатын. Польша, Дания, Черногория, Румыния және Армения құрамаларымен бір топқа түскен ұлттық құрама Польша (2:2), Румыния (0:0) және Армениямен (1:1) тең түсіп, небәрі үш ұпай еншілеген.

Алдағы құрлық біріншілігіне бару үшін Қазақстан УЕФА Ұлттар лигасы арқылы шамасын байқап көрді. Өкінішке қарай, өз тобында екінші орынды алғандықтан, плей-офф кезеңіне шыға алмады.

Еуро-2020 іріктеу кезеңінің жеребе тарту рәсімі Астана уақытымен 17:00-де басталады.