Турнирдің басты тақырыбы түрлі елдердің халқын біріктіру идеясы болмақ. Сәйкесінше, турнир ұраны: «Біріккен футбол азаматтары». Тұңғыш рет Еуропа чемпионаты Еуропаның 13 еліндегі қалаларда өтеді. УЕФА Еуро кезінде осы елдердің мәдениеттері мен дәстүрлерінің бірігетіні жайлы промо-роликті көрсетті. Логотипте бейнеленген көпір де бірігуді білдіреді.
Санкт-Петербор турнирге қожайын қалалардың бірі болмақ, онда Рим, Мюнхен, Баку секілді топтық кезеңнің үш ойыны және бір ширек финал өтеді. Сегіз қала - Амстердам, Бильбао, Брюссель, Будапешт, Бухарест, Глазго, Дублин, Копенгаген топтық кезеңнің үш кездесуі мен бір 1/8 матчын қабылдайды. Жартылай финал мен турнир финалы Лондондағы «Уэмбли» стадионында өтеді.
Салтанатты шарада УЕФА президенті Александер Чеферин сөз сөйледі, бұл оның жаңа лауазымындағы алғашқы ресми шара. Ол Англияны «аңызға айналған футбол бесігі» деп атап, Еуро-2020 бірнеше қалада өтеріне қуанатынын білдірді.