Ресей мен Қазақстанарасындағы ойын 9 қыркүйек күні мәскеу уақытымен 21:45-те, ал Нұр-Сұлтан қаласыныңуақытымен қыркүйектің 9-ынан 10-ына қараған түні сағат 00:45-те өтеді. Өтетінорны Калининград қаласының «Калининград» стадионы.
Билеттерді ресми оператор - KASSIR.RU сайтынан сатып алуға болады. Мәлім етілгендей, бір адамға 4 билет қана беріледі.
Айта кетейік, қазіргіуақытта Қазақстан I топта үшінші орында тұр, Михал Билек командасыныңқоржынында алты ұпай бар. Топ көшбасшысы – Бельгия құрамасы (12 ұпай).