Жеребе тарту шарасына 53 құрама команда қатысып, олар тоғыз топқа жіктелді. Соның ішінде сегіз топта алтаудан, ал тоғызыншы топта бес құрама команда бар.
Қазақстанның 21 жасқа дейінгі жастар құрамасы 6-топта Испания, Израиль, Черногория, Македония және Фарер аралдарымен күш сынасады.
Еуро-2021 іріктеу кезеңі 2019 жылдың наурызында басталып, 2020 жылдың қазан айында аяқталады.