АҚШ құрамасы рейтингтің көш басында қалды. Бесіншіден екінші орынға Германия көтерілді. Еуропа чемпионатының жеңімпазы – Англия сегізінші позициядан төртіншіге жоғарылады.
Қазақстан құрамасы 86-дан 89-ға сырғып, Гайана (88) мен Малайзия (90) арасында тұр.
Әйелдер арасындағы еуропа чемпионаты 31 шілдеде аяқталды. Турнир жеңімпазы финалда Германияны жеңген – Англия болды.
ФИФА нұсқасы бойынша құрамалардың жаңартылған рейтингі:
1. АҚШ
2. Германия
3. Швеция
4. Англия
5. Франция
6. Нидерланд
7. Канада
8. Испания
9. Бразилия
10. Корей Халық Демократиялық Республикасы...
89. Қазақстан.