EURO 2024: 20 маусымда қай құрамалар ойнайды
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жетінші ойын күні, 20 маусымда үш ойын өтеді.
Ең алдымен 18:00–де C тобында Словения мен Сербия ойнайды.
Кездесу Мюнхен қаласындағы «Альянц-арена» стадионында болады.
Екі құрама бұған дейін төрт мәрте кездесті. Құрамалар бір-бірден жеңіске жетсе, екі кездесу тең нәтижемен аяқталды.
Бұл топтағы Дания мен Англия кездесуі 22:00–де өткізіледі.
Қазірге дейін құрамалар 22 ойын кездесіп, төртеуінде Дания, он үшінде Англия басым түссе, қалғанында тең нәтиже тіркелді.
Кездесу Франкфурт қаласындағы «Дойче Банк Парк» стадионында болады.
Алғашқы турда Словения мен Дания 1:1 есебімен тең түссе, Сербия Англияға 0:1 есебімен есе жіберді.
Сондай-ақ Испания мен Италия кездесуі 00.00-ге белгіленген.
Ойын Гельзенкирхен қаласындағы «Фельтинс-Арена» стадионында өтеді.
Алғашқы турда Испания Хорватияны 3:0, Италия Албанияны 2:1 есебімен тізе бүктірді.
Құрамалар қазірге дейін 41 мәрте кездесіп, 14-і Испанияғ 11-і Италияның басымдығымен аяқталса, қалғанында тең нәтижеге қанағат білдірді.
Бұл топта 19 маусымда екінші турда Албания мен Хорватия 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Көш басында үш ұпаймен Испания мен Италия келеді. Ал Албания мен Хорватияның еншісінде бір-бірден ұпай бар.
Ойындардың бәрі Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Айта кетсек, 19 маусымда екінші турда А тобында Германия Венгрияны 2:0 есебімен жеңсе, Шотландия мен Швейцария 1:1 есебімен тең ойнады.