АСТАНА. ҚазАқпарат - UEFA Қазақстан құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Еуро-2024 іріктеу сатысы екінші турындағы Дания қақпасына соққан голын үздіктер номинациясы қатарына енгізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
26 наурызда өткен елордада ойында Қазақстан футболшылары аталған қарсыласынан 3:2 есебімен басым түскен еді.
Асхат Тағыбергеннің әуелете тепкен добы қақпа торында тулап жатты.
Бұл гол таразы басын теңестіруге мүмкіндік жасады.
Сондай-ақ, үздік гол номинациясына үміткерлер қатарында англиялық Букайо Сака, беларусьтік Владислав Морозов пен румыниялық Андрей Буркэ бар.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.