Бүгін футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы Сан-Мариномен кездеседі, деп хабарлайды Kazinform.
Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары — Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия.
Қазақстан-Сан-Марино кездесуі елорда уақытымен 21.00-де «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Сан-Марино — әлемдегі әлсіз құрамалардың бірі.
Құрлықтық доданың биылғы іріктеу сатысында алты ойында да қарсыластарына есе жіберіп қойды.
Салдарынан өз тобында соңғы орында тұр.
Ел құрамасы 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр.
Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісіне 19 ұпайдан жазылған.
Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына жолдама алуына мүмкіндігі бар.
Қазақстандық футболшылар құрлықтық дода іріктеу сатысындағы алғашқы ойында Сан-Мариноны сырт алаңда 3:0 есебімен жеңген болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.