EURO 2024: Cловения мен Сербия үшінші мәрте тең түсті
АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жетінші ойын күні, 20 маусымда C тобындағы Cловения мен Сербия кездесті.
Көршілес екі елдің құрамалары бұған дейін төрт мәрте кездесті. Құрамалар бір-бірден жеңіске жетсе, екі кездесу тең нәтижемен аяқталды. Алғашқы турда Словения Даниямен 1:1 есебімен тең түссе, Сербия Англияға 0:1 есебімен есе жіберді.
Екі құрама үшін бүгін жеңіске жету маңызды болатын. Сол себепті олар бірден-ақ жылдам гол соғу мүмкіндігін іздеді. Десе де бірінші кезеңде таблодағы есепке өзгеріс енген жоқ. Екінші кезеңде ойын барысы осындай көріністе өрбіді. Әсіресе, словениялық футболшылардың белсенділігі айқын аңғарылды. Нәтижесінде 69-минутта әріптесі Тими Элшниктің берген пасын Жан Карничник голға айналдыра білді.
Ойынның 96-минутында сербиялық Лука Йович таразы басын теңестірді. Осылайша құрамалар 1:1 есебіне қанағат білдірді. Енді аталған топтағы Дания мен Англия кездесуі 22:00-де өткізіледі.
Енді үшінші турда 25 маусымда Англия мен Словения, Сербия мен Дания құрамалары кездеседі. Одан кейін В тобындағы Испания мен Италия кездесуі 00.00-ге белгіленген.
Ойындар Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.