Еуро-2024: Қазақстан футзалдан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды

Фото: Фото: ҚФФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстан Францияны жеңіп, 2024 жылғы әуесқой футзалдан Еуропа чемпионатының қола жүлдегері атанды. 

Құрлықтық турнир Сараевода (Босния және Герцеговина) өтті.

Қазақстан құрамасы Румыниядан жеңіліп (1:1, пенальти бойынша 2:4) жартылай финалға шықты. Тағы бір жартылай финалдық кездесуде Сербия Францияны жеңді (5:0).

Үшінші орын үшін өткен кездесуде Қазақстан Франциядан басым түсті (7:2), финалда Сербия Румынияны жеңді (1:1, пенальти бойынша 11:10).