АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысында төртінші турдың бірінші ойын күні аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бұл күні В тобында Франция құрамасы төртінші жеңісіне қол жеткізді. Өз алаңында Грекиямен күш сынасқан олар қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.
Осылайша өз тобында бірінші орынға жайғасты. Олар екінші орында келе жатқан Грекиядан алты ұпайға ұзап кетті.
Аталған топтағы тағы бір кездесуде Ирландия құрамасы Гибралтарды 3:0 есебімен тізе бүктірді.
Ал С тобында Украина Мальтаны 1:0 есебімен жеңсе, Англия Солтүстік Македонияны 7:0 есебімен қапы қалдырды.
D тобында Армения Латвияны 2:1, Түркия Уэльсті 2:0, I тобында Беларусь Косовоны, Израиль Андорраны 2:1 еесбімен жеңсе, Швейцария мен Румыния 2:2 есебіне қанағат білдірді.
Еске салсақ, Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы төртінші турында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен жеңді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.