EURO-2024: Франция Бельгияны жеңіп, ширек финалға шықты
АСТАНА. KAZINFORM — Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатында 1/8 финалда Франция Бельгияны жеңіп, ширек финалға шықты.
Құрлықтық додада қос құрама да жанкүйерлер сенімінен шыға алмай жүр. Топтық кезеңде француз футболшылар бір мәрте жеңіске жетіп, екі ойында тең нәтижеге қанағат білдірді.
Ал Бельгия бір мәрте жеңіп, тең ойнап, біреуінде қарсыласына есе жіберді. Осылайша небәрі төрт ұпаймен плей-офф сатысына жолдама алған еді. Бүгінгі кездесу барысында қос құрама шабуылға көбірек көңіл бөлді. Десе де бірінші кезеңде ешқайсысы қақпадан саңылау таба алған жоқ.
Ойынның 85-минутында бельгиялық Ян Вертонген өз қақпасына гол жіберіп алды. Осылайша Франция қарсыласынан 1:0 есебімен плей-офф 1/4 финалға жолдама алды. Олар енді жарыстың аталған сатысында Португалия және Словения жұбының жеңімпазымен кездеседі.
Еске салсақ, бұдан бұрын ¼ финалға Испания, Англия, Германия, Швейцария құрамалары жолдама алды.
Ал 2 шілдеде 1/8 финалда Румыния мен Нидерланд, Австрия мен Түркия шеберлік байқасады.