Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы жетінші турында Қазақстан құрамасының Сан-Марино қақпасына гол соқты, деп хабарлайды Kazinform.
Бас бапкер Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Қайыров, Малый, Марочкин, Быстров, Досмағамбетов, Чесноков, Бейсебеков, Зуев, Оразов, Айымбетовке сенім артты.
Ойын басынан қазақстандық футболшылар қарсыластар қақпасына шабуыл жасады. Десе де Сан-Марино қорғаушылары оған тойтарыс беріп жатты.
Ойынның 19-минутында қазақстандық Ислам Чесноков көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. Осылайша ол құрама сапындағы алғашқы голын соқты.
Сондай-ақ, ойынды 36 елдің тұрғындары тікелей эфирде тамашалай алады.
Олардың қатарында АҚШ, Қытай, Мексика, Испания, Франция, Индонезия, Сингапур, Ресей, Түркия сынды мемлекеттер бар.
Сондай-ақ, бүгін аталған топта Финляндия мен Солтүстік Ирландия («Qazsport» 23.00), Дания мен Словения («Qazsport» 01.45) ойындары өтеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.