АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан әйелдер арасындағы 2025 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңіндегі Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.
Ел құрамасы С лигасының төртінші тобында сынға түседі. Қарсыластары - Румыния, Болгария және Армения құрамалары.
Ойындар күнтізбесінде 1-2 тур 2024 жылдың 3-9 сәуір күндерінде өткізілсе, 3-4 тур 29 мамыр-4 маусым күндеріне белгіленген.
Ал 5-6 тур ойындары 10-16 шілде аралығында болады.
Құрлықтық дода 2025 жылдың жаз мезгілінде өткізіледі. Онда барлығы 16 құрама сынға түседі.
Еуропа чемпионаты 1984 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Германия - 8 Норвегия - 2, Швеция, Англия, Нидерланд - 1 мәртеден чемпион атанды.
Еске салсақ, футболдан Қазақстан құрамасының Грекиямен кездесуіне кімдер қатысатыны белгілі болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.