EURO 2024: Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы жарияланды

Фото: Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы сегізінші турындағы Қазақстан құрамасының Словенияға қарсы құрамы жарияланды, деп хабарлайды Kazinform.

Бас бапкер Магомед Адиев алғашқы минуттан Шацкий, Вороговский, Алип, Марочкин, Малый, Быстров, Оразов, Қуат, Бейсебеков, Чесноков, Самородовқа сенім артты.

Ал Словения құрамасы сапында Облак, Карничник, Блажич, Бийол, Янжа, Стоянович, Черин, Элшник, Млакар, Шпорар, Шешко жасыл алаңға шығады.

Ел құрамасы H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр.

Бұл топта Дания 22 ұпай жинап, құрлықтық доданың финалдық сатысына бір тур бұрын жолдама алды.

Ал Словения құрамасының еншісіне 19 ұпай жазылған.

Енді екінші жолдама тағдыры Словения мен Қазақстан кездесуінде шешіледі.

Словения — Қазақстан кездесуі 20 қарашадан 21-не қараған түні Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан сағат 1:45–те көрсетіледі.