Еуро-2024: Қазақстан құрамасы өз тобында үшінші орынға көтерілді
Аталған топтағы екінші тур ойындарын Солтүстік Ирландия - Финляндия кездесуі түйіндеді.
Алғашқы турда Солтүстік Ирландия сырт алаңда Сан-Мариноны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, Финляндия құрамасы Данияға 1:3 есебімен жол берді.
Екі құрама арасындағы ойында Финляндия алғашқы болып есеп ашты. Оны Беньямин Кялльман 28-минутта өзінің еншісіне жазды.
Осылайша Финляндия құрамасы қарсыласын 1:0 есебімен тізе бүктіріп, алғашқы жеңісіне қол жеткізді.
Еске салсақ, аталған топта 26 наурызда Қазақстан құрамасы өз алаңында Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірді.
Сондай-ақ, Словения өз алаңында Сан-Мариноны 2:0 есебімен жеңді.
Екінші турдан кейін алты ұпаймен Словения көш бастап тұр. Төрт құрама үш ұпайдан жинады. Финляндияның жеңісінен кейін Дания екінші, Қазақстан үшінші орынға көтерілді. Одан кейінгі орындардағы Финляндия мен Солтүстік Ирландия да үш ұпайдан еншілеген. Әзірге Сан-Марино құрамасында ұпай жоқ.
Енді аталған топта үшінші турда 16 маусымда Финляндия - Словения, Дания - Солтүстік Ирландия, Сан-Марино - Қазақстан құрамалары кездеседі.