Euro-2024: Қазақстан құрамасы Сан-Мариноға қарсы құрамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Сан-Марино және Қазақстан құрамалары кездесуінде алғашқы минуттан жасыл алаңға шығатын ойыншылар тізімі жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев негізгі құрамда Игорь Шацкий, Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Марат Быстров, ​Александр Марочкин, Михаил Габышев, Асхат Тағыберген, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, ​Рамазан Оразов, Максим Самородов секілді футболшыларға үміт артты.

Ал Сан-Марино құрамасы сапында Элиа Бенедеттини, Алессандро Този, Данте Карлос Росси, Филиппо Фаббри, Роберто ди Майо, Мануэль Баттистини, Алессандро Голинуччи, Лоренцо Капикьони, Лоренцо Ладзари, Никола Нанни, Филиппо Берарди алғашқы минуттан жасыл алаңға шығады.

Кездесу елорда уақытымен 00:35-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Бұл кездесуде грекиялық Анастасиос Папапетрус бас төреші қызметін атқарады. Оған отандастары Трифон Петропулос пен Иорданис Аптосоглу көмек жасайды.

Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары – Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия.

Дәл қазір бұл топта Финляндия құрамасы өз алаңында Словенияны 2:1 есебімен жеңді.

Енді Дания мен Солтүстік Ирландия құрамалары шеберлік байқасады.