АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Қазақстан құрамасы сынға түсіп жатқан H тобында алтыншы турдан кейінгі турнир кестесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған топта Дания сырт алаңда Финляндияны 1:0 есебімен тізе бүктірсе, Словения Сан-Маринодан 4:0 есебімен басым түсті.
Ал Қазақстан бұл турда Солтүстік Ирландияны 1:0 есебімен сүріндіргенін бұған дейін жазған болатынбыз. Солай, 12 ұпаймен екінші орынға көтерілген болатын.
Нәтижесінде қазір турнир кестесі келесідей: Дания - 13 ұпай, Словения - 13 ұпай, Финляндия - 12 ұпай, Қазақстан - 12 ұпай, Исландия - 3 ұпай, Сан-Марино - 0 ұпай.
Алда төрт тур ойындары қалды. Енді құрамалар қазан және қараша айларында шеберлік байқасады.
Алғашқы екі орынға ие болған құрама 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу сатысына тікелей жолдама алады.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.