EURO 2024: Қазақстан құрамасының алдағы екі ойыны қашан өтетіні белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан құрамасының өз алаңындағы алдағы екі ойынының басталу уақыты белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық футболшылар H тобында сынға түседі. Қарсыластары - Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия, Сан-Марино.

Ел құрамасы 23 наурызда елордада жергілікті уақытпен 21:00-де Словения құрамасын қабылдайды.

Ал 26 наурызда елордада жергілікті уақытпен 19:00-де Даниямен шеберлік байқасады.

Екі ойын да «Астана Арена» стадионында өткізіледі.

Құрлықтық доданың финалы 2024 жылдың 14 маусым және 14 шілде аралығында Германияда өткізіледі.

Онда барлығы 24 құрама бақ сынайды.