Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Қазақстан және Сан-Марино кездесуіне төрешілер белгіленді, деп хабарлайды Kazinform.
Ел құрамасы H тобында 8 ойыннан кейін 15 ұпай жинап, үшінші орында тұр.
Алғашқы екі орындағы Словения мен Данияның еншісінде 19 ұпайдан бар.
Аталған кездесуде бас төреші қызметін Харальд Лехнер атқарады.
Оған отандастары Андреас Хайденрайх пен Стефан Пихлер көмекшілік жасайды.
Қосалқы төреші де австриялық Себастьян Гишамер.
Кездесу 17 қарашада елорда уақытымен 21:00-де «Астана-Арена» стадионында басталып, «Qazaqstan» және «Qazsport» телеарналары тікелей эфирде көрсетіледі.
Алдағы екі ойында жеңіске жеткен жағдайда Қазақстан құрамасының құрлықтық дода финалдық сатысына жолдама алуына мүмкіндігі бар.
Іріктеу сатысындағы алғашқы ойында қазақстандық футболшылар сырт алаңда Сан-Мариноны 3:0 есебінен жеңген еді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.