АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы Қазақстан және Финляндия кездесуінде қызмет атқаратын төрешілер белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан және Финляндия кездесуі 7 қыркүйекте елорда уақытымен 20:00-де «Астана-Арена» стадионында өткізіледі.
Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Бас төреші - румыниялық Раду Петреску. Оған отандастары Раду Гингуляк пен Мирча Григориу көмекшілік жасайды. Қосалқы төреші де румыниялық Марцел Бирсан.
Айта кетсек, Раду Петреску бір жыл бұрын Ұлттар лигасында Қазақстан құрамасының Беларуське (2:1) кездесуінде қосалқы төреші қызметін атқарды.
Қазақстан мен Финляндия қазірге дейін бес мәрте кездесіп үлгерді. Оның біреуінде тең нәтиже тіркелсе, төртеуінде финляндиялық футболшылар жеңіске жетті.
Еске салсақ, бұдан бұрын ел құрамасы төрт кездесу өткізді. Қазақстандық футболшылар Словениядан 1:2 есебімен жеңілсе, Данияны (3:2), Сан-Мариноны (3:0), Солтүстік Ирландияны (1:0) есебімен қапы қалдырды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.