EURO – 2024: Португалия құрамасы Босния және Герцоговинадан басым түсті

Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысында Португалия құрамасы Босния және Герцоговинадан басым түсті, деп хабарлайды Kazinform. 

Фото: Sportsphoto/Allstar via Getty Images

Жанкүйерлер бұл күні J тобындағы Босния және Герцоговина – Португалия кездесуіне көз тікті.

Криштиану Роналду бастаған португалиялық құрама қарсыласының қақпасына жауапсыз бес доп соқты. Оның өзі екі голдың авторы атанды. Осылайша ол ұлттық құрама сапындағы 126 және 127 голды еншісіне жазды.

Нәтижесінде ұлттық құрама сапындағы ең көп гол соққан футболшылар қатарында көш бастап тұр. Одан кейінгі орында ирандық Али Даеи мен Лиоенль Месси бар.

Сондай-ақ Португалия сапынан Бруну Фернандеш, Жоау Канселу, Жоау Феликс мергендік танытты.

16 қазандағы барлық ойын нәтижеcі:

B тобы: Гибралтар - Ирландия 0:4, Грекия - Нидерланд 0:1

F тобы: Әзербайжан - Австрия 0:1, Бельгия - Швеция 1:1

J тобы: Исландия - Лихтенштейн 4:0, Босния және Герцогвина - Португалия 0:5, Люксембург - Словакия 0:1

Айта кетсек, 17 қазаннан 18-не қараған түні өтетін Финляндия мен Қазақстан матчына төрешілер белгіленді.