АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысындағы Қазақстан ұлттық құрамасының Сан-Мариноға қарсы кездесуі қай телеарнадан көрсетілетіні белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Сан-Марино – Қазақстан ойыны маусымның 16-сынан 17-іне қараған түні елорда уақытымен 00:35-де басталады. Кездесу «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Құрамалар H тобында ойын көрсетеді. Қарсыластары – Словения, Дания, Солтүстік Ирландия, Финляндия.
Қазірге дейін құрамалар екі ойыннан өткізді. Қазақстандық футболшылар өз алаңында Словениядан 1:2 есебімен жеңіліп, Данияны 3:2 есебімен тізе бүктірген еді.
Ал Сан-Марино құрамасы Солтүстік Ирландия мен Словениядан 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Сондай-ақ аталған күні Дания мен Солтүстік Ирландия, Финляндия мен Словения шеберлік байқасады.
Еске салсақ, «Манчестер Сити» Чемпиондар лигасында жеңімпаз атанған болатын.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.