Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы сегізінші турындағы Словения мен Қазақстан кездесуінде 1000-ға тарта қазақстандық жанкүйер болады, деп хабарлайды Kazinform.
Словения — Қазақстан кездесуі 20 қарашадан 21-не қараған түні Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан сағат 1:45–те көрсетіледі.
Аталған кездесуге ел құрамасынан жарақатына байланысты Асхат Тағыберген, Бауыржан Исламхан, Михаил Габышев, Бахтиёр Зайнутдинов қатыса алмайды.
Сондай-ақ, бұл ойынға UEFA президенті Александер Чеферин келеді деп күтіліп отыр.
Бұл кездесуде австриялық төрешілер бригадасы қызмет атқарады.
Аталған кездесуде бас төреші қызметін Харальд Лехнер атқарады. Оған отандастары Андреас Хайденрайх пен Стефан Пихлер көмекші болады. Қосалқы төреші де австриялық Себастьян Гишамер.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.