Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу сатысы сегізінші турындағы Словения мен Қазақстан кездесуінің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Kazinform.
Алғашқы минуттан словениялық футболшылар ойын тізгінін қолға алуға тырысты. Десе де оларға қазақстандық құрама лайықты төтеп бере білді.
Ойынның 41-минутында Игорь Шацкийдің қақпасына белгіленген пенальтиден словениялық Беньямин Шешко мүлт кеткен жоқ.
Бірінші кезеңнен кейін Словения 1:0 есебімен жеңіп жатыр.
Ел құрамасы H тобында 9 ойыннан кейін 18 ұпай жинап, үшінші орында тұр. Бұл топта Дания 22 ұпай жинап, құрлықтық доданың финалдық сатысына бір тур бұрын жолдама алды. Ал Словения құрамасының еншісіне 19 ұпай жазылған.
Енді екінші жолдама тағдыры Словения мен Қазақстан кездесуінде шешіледі. Словения үшін тең ойын да жеткілікті, қазақстандықтар тек жеңіске жетуі тиіс.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.